Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова жуырда әлеуметтік желіде жан сырын ақтарды.
Жақында күйеуімен ажырасқан қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желіде жан сырын ақтарып, болашақтағы арманын айтты. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлады.
28 жастағы спортшы Instagram-парақшасында үлкен гүл шоқтарымен түскен суреттерін жариялады. Ол сыйлықты кім сыйлағанын нақтыламағанымен, жазбада өз қалауымен бөлісті:
«Үлкен, әдемі үйім болса деймін. Өзімнің бау-бақшам болып, онда сүйікті гүлдерім – гортензия, пион және раушан егетін боламын», – деп жазды Сәбина.
Айта кетейік, Алтынбекова жуырда жұбайымен ажырасқаны белгілі болды. Кейін спортшы қыз Қазақстанға оралғанын жариялады. Ал жақында “Астана” волейбол клубында өнер көрсететінін хабарлады.