Әлемдегі ең ірі аралас жекпе-жек ұйымы UFC президенті Дана Уайт құмар ойындарға әуестігімен бұрыннан белгілі. Жақында жарияланған мәліметке сүйенсек, ол Лас-Вегастағы “Red Rock” казиносына кемінде 25 миллион доллар қарыз.
Анонимді дереккөздің айтуынша, нақты қарыз сомасы одан да жоғары болуы мүмкін. Кейбір мәліметтерде Уайттың борышы 50 миллион долларға дейін жеткені айтылуда.
Дана Уайт өзі бірнеше мәрте «құмар ойынға тәуелді екенін» ашық мойындаған.
Былтыр берген сұхбатында “Caesars Palace” казиноларында бірнеше айда 27 миллион доллар ұтқанын айтқан.
Сондай-ақ мас күйінде 3 миллион долларды жоғалтқанын, оны тек ертеңінде есін жиған кезде білгенін баяндаған.
Бір ай бұрын Уайт Лас-Вегастағы ойынханалардың бірінде көрінді. Ол жерде жанкүйерлерге 1000 долларлық фишкаларды таратып жүргені куәгерлер тарапынан айтылды.
Бұл жағдай оның құмар ойындарға шектен тыс берілгенін тағы да дәлелдей түсті.