Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бокс – Қазақстанның ұлттық спортына айналуы тиіс»

Сарапшы, спорт журналисі
19.09.2025, 18:33

Мемлекет басшысы спортшыларды марапаттау рәсімінде маңызды шешім айтты. 

akorda.kz
Реклама
Реклама

Президенттің сөзі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманы марапаттау салтанатында елдегі бокстың болашағына қатысты тарихи бастаманы жариялады. Мемлекет басшысы боксқа ұлттық спорт мәртебесін беру қажеттігін атап өтті. 

«Жаңа спорт залдары мен балаларға арналған секциялар ашылуда. Ауылдық жерлерде заманауи спорт кешендері салынуда. Биыл менің тапсырмам бойынша Ұлттық спорт университеті ашылады. Басқа да кешенді шаралар қабылдануда. Қазақстанның бокстағы әлеуеті өте жоғары, бұл халықаралық спорт аренасында мойындалған. Боксшыларымыз — талантты әрі мақсатшыл, олардың арасында әлем чемпиондары аз емес. Мемлекет боксқа ерекше мән береді. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүруі керек. Біз алдымызға үлкен мақсат қойып отырмыз — боксты ұлттық спортқа айналдыру», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір бокс Қазақстанда олимпиадалық спорт түрі ретінде дамып келеді. Дегенмен Президенттің ұсынысы жүзеге асса, бұл бокс тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ.

Қазақстан боксының жетістігі

Айта кетейік, World Boxing ұйымы аясында өткен алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Жерлестеріміз:

  • 7 алтын,
  • 1 күміс,
  • 2 қола медаль еншіледі. 
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары