Қазақстан футзалының символына айналған Шыңғыс Есенаманов ұлттық құрамамен қоштасты. Тарихи сәт Еуро-2026 додасына іріктеу кезеңінде Италияға қарсы ойыннан кейін тіркелді.
Есенаманов 2009 жылдың 19 ақпанында Ирландия астанасы Дублинде Англияға қарсы кездесуде (5:2) алғаш рет алаңға шыққан. 16 жыл ішінде құрама жейдесінде 118 матч өткізіп, қазақстандық футзал тарихында айрықша із қалдырды.
Жетістіктері мен тарихи сәттері:
Бұл көрсеткіштер Есенамановты қазақ футзалының алтын беттеріне енгізді.
Клуб деңгейінде Шыңғыс ұзақ жылдар бойы «Қайраттың» намысын қорғап, Еуропадағы ең үздік ойыншылардың қатарында аталды. Қазір ол «Семей» командасының сапында өнер көрсетеді.
Оны Италияға қарсы шешуші матчтан кейін жанкүйерлер мен спортшылар алаңнан зор қошеметпен шығарып салды. Шыңғыс Есенаманов тек ойыншы ретінде емес, жас буынға үлгі болатын көшбасшы ретінде есте қалмақ.