Қазақстан намысын бұл сайыста төрт спортшы қорғайды.
26-28 қыркүйек аралығында Венгрияның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge кубогының кезеңі өтеді.
Халықаралық гимнастика федерациясы жарысқа қатысатын командалардың алдын ала құрамын жариялады. Бұл турнирде ел намысын төрт спортшы қорғайды: Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Мастеров және Диас Тойшыбек жүлде үшін сынға түседі.
Айта кетейік, жуырда Парижде (Франция) өткен кезеңде Нариман Құрбанов ат снарядында орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алған еді.
Милад Карими – қазақстандық спорттық гимнасшы, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2020 және 2024 жылғы Олимпиадағы қатысушы, 2025 жылы әлем кубогының бірнеше кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.