Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

ТМД-ның III ойындары: қазақстандық жүзушілер 19 медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
03.10.2025, 13:31

Әзербайжанның Гянджа қаласында ТМД елдерінің III ойындарында жүзуден соңғы жүлделер сарапқа салынды

СДҚ
Реклама
Реклама

Қазақстандық спортшылар 4 сайыс түрінде өнер көрсетіп, 2 күміс пен 1 қола медаль иеленді.

Жеңімпаздар:

  • Таисия Короткова (комбинациялы жүзу, 400 м) — күміс
  • Қазақстан құрамасы (ерлер, эстафета 4×100 м, комбинациялы жүзу) — күміс
  • Қазақстан құрамасы (микст, эстафета 4×100 м, комбинациялы жүзу) — қола

Гянджада жүзуден жарыс 5 күнге созылды. Барлық күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 9 күміс және 10 қола жүлде жеңіп алды. Команданың көшбасшыларының бірі Таисия Короткова жоғары деңгейдегі дайындықты көрсетіп, жеке және командалық сайыстарда 9 медаль еншіледі.

Кешенді жарыстар Әзербайжанның жеті қаласында (Гянджа, Евлах, Мингечевир, Габала, Шеки, Гёйгёль және Ханкенди) өтуде. Биыл ойындарға 13 елден 1600-ден астам спортшы қатысып, 23 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынуда.

Қазіргі уақытта Қазақстан жалпыкомандалық есепте 5-орында, қоржынында — 2 алтын, 13 күміс және 24 қола медаль бар.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары