Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Алматыдағы жүгіруден жарыс кезінде 70 жастағы қария көз жұмды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 07:07

Алматыда тауда өткен жүгіруден жарыс кезінде 70 жастағы спортшы Владимир Кривенцов қайтыс болды.

Владимир Кривенцов. Фото: instagram.com/athletex_kz
Реклама
Реклама

Бұл туралы ұйымдастырушылар Instagram желісінде мәлім етті. Олардың айтуынша, спортшы жарыс бастала сала құлап, денсаулығы нашарлаған. Оқиға орнына ТЖД экипажы шұғыл жетіп, "Медеу" кешенінің құтқару бөліміне апарған.

"Өкінішке қарай, дәрігерлер тез әрекет етсе де спортшыны құтқару мүмкін болмады. Владимир тәжірибелі спортшы еді, әрдайым түрлі жарысқа қатысып жүретін. Жарыс алдында толық медициналық тексеруден өткен", - деп жазылған ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Владимир Кривенцов — КСРО спорт шебері, теңіз және шаңғы бойынша чемпион, сондай-ақ полиатлон, президенттік және қысқы көпсайыс түрлерінен Қазақстанның бірнеше дүркін жүлдегері болған. Ол спорттық жарыстарға үнемі қатысып жүрген белсенді спортшы ретінде танылды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары