Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Тоқаев күрестен тарихи алтын алған Шұғыла Өмірбекті құттықтады

Сарапшы, спорт журналисі
25.10.2025, 10:23

Шұғыла Өмірбек күрестен U23 әлем чемпионатында алтын алды.

Шұғыла Өмірбек
Реклама
Реклама

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады.

«Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр. Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!», – делінген құттықтауда.

Естеріңізге салсақ, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Шұғыла Өмірбек финалда түркиялық Туба Демирді 12:8 есебімен жеңіп, жоғары шеберлігін және тактикалық дайындық деңгейін көрсетті.

Бұл кездесу жарыстың ең тартысты финалдарының бірі атанды. Өмірбек шешуші сәттерде батыл шабуылдармен қарсыласын қыспаққа алды және басымдығын сақтап қалды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары