Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

12:8! Қазақ қызы финалда түрік балуанын талқандады

Сарапшы, спорт журналисі

Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласындағы U23 әлем чемпионатында Шұғыла Өмірбек ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды. 

12:8! Қазақ қызы финалда түрік балуанын талқандады
instagram/@qaz_team_official

Алтын үшін айқас

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Шұғыла Өмірбек финалда түркиялық Туба Демирді 12:8 есебімен жеңіп, жоғары шеберлігін және тактикалық дайындық деңгейін көрсетті.

Бұл кездесу жарыстың ең тартысты финалдарының бірі атанды. Өмірбек шешуші сәттерде батыл шабуылдармен қарсыласын қыспаққа алды және басымдығын сақтап қалды.

Чемпиондық жол

Түркістан облысының намысын қорғаған балуан финалға дейінгі барлық қарсыласын сенімді түрде жеңді:

  • 1/4 финалда — румыниялық Александра Войчилеску (3:1);
  • Жартылай финалда — германиялық Амори Андрих (2:0);
  • Ал алғашқы айналымда молдовалық Михаэла Симонды 10:2 есебімен ұтты.

Осы жеңісімен Шұғыла Өмірбек Қазақстан құрамасына әлем чемпионаты-2025-тегі алғашқы “алтынды” алып берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір