Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Назым Қызайбай ұлттық құрамадан «шеттетілді»

Сарапшы, спорт журналисі

Бокмтан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин World Boxing кубогының финалы мен командадағы өзгерістер туралы айтып берді.

Назым Қызайбай ұлттық құрамадан «шеттетілді»
Instagram/@nazym_kyzaibay09

Әлем кубогының финалы Үндістанда өтеді

Дүниежүзілік бокс ұйымы (World Boxing) ұйымдастыратын әлем кубогының финалы 17–22 қараша күндері Үндістанның Нью-Дели қаласында өтеді. Бірақ Сайдалиннің шешімімен қыркүйекте Ливерпульде (Англия) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары бұл турнирге қатыспайды.

“Біз 1–14 қараша аралығында оқу-жаттығу жиынын бастаймыз. Үндістанда өтетін Кубоктың шешуші кезеңіне әр салмақ дәрежесі бойынша үш спортшыдан іріктеледі. Барлығы бес үздік қыз Қазақстан намысын қорғайды.

Әлем чемпионатына қатысқан боксшыларға қазір демалыс берілді. Олар бұл жиынға қосылмайды, тек желтоқсаннан бастап қайта жаттығуға оралады,” – деді Сайдалин Қазақстан бокс федерациясына берген сұхбатында.

Ливерпульдегі тарихи жетістік

Еске салайық, Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Сайдалиннің шәкірттері тамаша нәтиже көрсетті.

  • Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова – әлем чемпиондары атанды;
  • Назым Қызайбай күміс жүлдегер болды;
  • Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола медаль иеленді.

Неліктен Назым Қызайбай құрамда жоқ?

Әлем чемпионатының финалисі және екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай алдағы жиын мен Кубок финалына шақырылған тізімде жоқ. Бас бапкердің айтуынша, оған және басқа көшбасшы боксшыларға қалпына келу мен демалысқа уақыт берілген.

Қызайбай мен басқа да әлем чемпиондары қазан айында Семейде өткен Қазақстан чемпионатына да қатысқан жоқ. Бұл – олардың физикалық және психологиялық күшін сақтау мақсатындағы жоспарлы шешім.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір