Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм (15-2) өзінің төртінші UFC жекпе-жегіне дейінгі ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Салтанатты рәсім Абу-Дабиде өтетін UFC 321 турнирі алдында ұйымдастырылды. Онда қазақстандық спортшы америкалық Митч Рапосоға (9-3) қарсы октагонға шығуға дайын.
Алайда таңертеңгі ресми өлшеу кезінде Мақсұмның салмағы 129 фунт (58,5 кг) болып, жеңіл салмақ санатының лимитінен (126 фунт немесе 57,15 кг) асып кеткен. Шетелдік БАҚ мәліметінше, жекпе-жек аралық салмақта өтеді, ал Мақсұм гонорарының 30 пайызын қарсыласына беруге тиіс.