Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық чемпион қыз Америка жұртын тәнті етті

Сарапшы, спорт журналисі

Еліміздің 11 дүркін чемпионы АҚШ елінде бір белесті бағындырды. 

Қазақстандық чемпион қыз Америка жұртын тәнті етті
1xbet.kz

Айгерім Абылқадырова – 1XBET брендінің амбассадоры, дзюдодан Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының 11 дүркін чемпионы және еліміздің тарихындағы грэпплингтен тұңғыш әрі жалғыз әлем чемпионы. Енді ол Америкада да өз есімін алтын әріппен жаздырып, бірден бірнеше ерекше жетістікке жетті.

Спортшы PanaAmerica Miami Open халықаралық дзюдо кубогында жеңімпаз атанып, Brazilian Jiu-Jitsu Championship халықаралық турнирінде екі бірдей дивизионда күресіп, екі алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, ол Miss World International 2025 атты халықаралық сұлулық байқауында финалист болып, Вице-Мисс атағына ие болды және Miss Glamour Model номинациясында жеңіске жетті. 

Бұл туралы Айгерім өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Енді оның жоспары — АҚШ-тың Ki-itsu-Sai күрес клубының құрамында халықаралық жарыстарға қатысу. Сонымен қатар, Айгерім америкалық модель агенттігімен келісімшартқа отырып, АҚШ-та белсенді жұмыс істеп, түсірілімдерге қатысуды жоспарлап отыр. 

Бұған қоса, ол үлкен теннис турниріне дайындықты жалғастырып жатыр және жыл соңына қарай кортқа шығып, жүлделер үшін бақ сынамақ. Спортшының жаттығу сәттерін @SetantaSportsTennis YouTube арнасынан көруге болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір