Ұлттық құрама бас бапкері орны Кака кеткесін бос болып қалды.
Бразилиялық маман Пауло Рикардо Камара Собрал немесе Какау футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне қайта оралуы мүмкін.
Жақында ұлттық командадағы бас бапкер қызметінен екінші бразилиялық Рикардо Кака кетті.
"Біздің мәліметтеріміз бойынша, Рикардо Камара Собралдың (Какау) Қазақстанға оралуға ұсынысы бар. Ол да оны қабылдауға қарсы емес", — делінген Futsal legends Telegram-каналында.
Какау 2013-2018 жылдары Қазақстан құрамасын жаттықтырған. Оның басшылығында команда алғаш рет 2016 жылы Еуропа чемпионатында қола медаль иеленген.
54 жастағы Какаудың соңғы жұмыс орны — БАӘ футзал құрамасы, бұған дейін Ирак пен Кувейт командаларын жаттықтырған. Клубтық деңгейде ол Румынияның «Аутобергамо Дева» және «Юнайтед Галати» командаларымен жұмыс істеген.