Реклама
Реклама

Исламиада-2025: Қазақстан үстел теннисінен «алтын» жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
10.11.2025, 23:02

Қазақстан Эр-Риядта өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында үстел теннисінен айқын жеңіске жетті. 

sportarena.kz

Қазақстан ерлер құрамасы финалда Иран командасымен кездесіп, жоғары дайындық деңгейі мен мықты командалық бірлігін көрсетті. Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ қазақстандық спортшылар ойынның ырғағын өз бақылауында ұстап, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.

Финалдық есеп – 8:1. Матчтың әр партиясында біздің теннисшілер сенімді ойын өрнегін көрсетті.

Негізгі кездесулердің нәтижесі:

  • Алан Құрманғалиев / Айдос Кенжеғұлов – Сейед Мохаммад / Беньямин Фараджи — 2:1
  • Кирилл Герасименко – Сейедамирхоссейн Ходаеи — 3:0
  • Алан Құрманғалиев – Беньямин Фараджи — 3:0
Реклама
Реклама