Реклама
Реклама

Қазақстандық ауыр атлеттер Исламиада жарысында оныншы медаль еншіледі

Сарапшы, спорт журналисі
12.11.2025, 19:00

Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық ауыр атлет Любовь Ковальчук Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлде салды.

olympic.kz

Ковальчук — үздік үштікте 

+86 кг салмақ дәрежесінде өткен «серпе» сайысында қазақстандық спортшы 117 келі көтеріп, нәтижесі бойынша күміс жүлдеге тең ұпаймен екінші орынға ие болды. Алайда салмақ айырмасына байланысты жеңіс Катар өкілі Оусал Ихлефке берілді (117 кг), ал үшінші орынды Өзбекстан спортшысы Тұрсыной Джабборова (116 кг) иеленді.

Алдағы уақытта Ковальчук «жұлқа» кезеңінде де жүлде үшін бақ сынайды.

Ауыр атлетшілер — Исламиада көшбасшыларының бірі

Осылайша Ковальчуктың нәтижесімен бірге Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан оныншы медальін жеңіп алды. Бұған дейін ел спортшылары төмендегідей жетістіктерге жеткен:

  • Едіге Емберді (79 кг) — қола, күміс, қола
  • Аянат Жұмағали (77 кг) — екі қола
  • Нұрғиса Әділетұлы (94 кг) — үш алтын
  • Артем Антропов (110 кг) — қола
Реклама
Реклама