Командалық есепте Ресей спортшыларынан құралған FIDE құрамасы бірде-бір матчта жеңілмей, әлем чемпионы атанды.
Испанияның Линарес қаласында өткен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке қол жеткізді.
Командалық есепте Ресей спортшыларынан құралған FIDE құрамасы бірде-бір матчта жеңілмей, әлем чемпионы атанды. Әзербайжан әйелдер құрамасы тұңғыш рет күміс медаль еншілеп, тарихи жетістікке жетті. Ал Қазақстанды екі матч бойынша 5:3 есебімен жеңген Қытай құрамасы қола медальға қол жеткізді.
Қола жүлде сарапқа салынған матчта Қазақстан Қытайға есе жіберсе де, жалпы ойын сапасы жоғары бағалануда. Команда жетекшісі, халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева денсаулығына байланысты турнирді толық ойнай алмады — бұл команданың мүмкіндігін айтарлықтай шектеді. Соған қарамастан, қазақ спортшылары жеке есепте топ жарып, екі алтын медаль жеңіп алды.
Алтын медаль иегерлері:
Қола медаль: