Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Михаил Шайдоров кіл мықтылар қатысқан жарыста алтыншы орын алды

Сарапшы, спорт журналисі
05.12.2025, 10:14

6 желтоқсанға тағы бір жарыс күні жоспарланған. 

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Жапонияның Нагоя қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Гран-при финалында Қазақстан намысын қорғаған Михаил Шайдоров қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша алтыншы орынға жайғасты.

Қазақстандық спортшы өз бағдарламасын орындау барысында бірнеше техникалық қателік жіберіп, 71.30 балл алды. Бұл нәтиже оған финалистер тізімінде әзірге 6-орыннан көрінуге мүмкіндік берді.

Жарыс көшбасшылары

Қысқа бағдарламада үздік нәтиже көрсеткендер:

  • Юма Кагияма (Жапония) — 108.77 балл
  • Шун Сато (Жапония) — 98.06 балл
  • Илья Малинин (АҚШ) — 94.05 балл

Жапон спортшылары жарысты жоғары деңгейде бастап, бірінші екі орынға жайғасты.

Алда – шешуші күн

Ерлер арасындағы еркін бағдарлама 6 желтоқсанда өтеді. Дәл осы жарыста финалистердің түпкілікті орындары анықталмақ.

Еске салайық, Михаил Шайдоров биылғы маусымда ерекше нәтижелер көрсетіп, 2026 жылғы Олимпиада алдындағы әлемнің үздік 6 спортшысы қатарына енген еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары