Үш жастағы бала әлемдік рекорд орнатты
05.12.2025, 16:56
Тарихи жетістікке жеткен сәтте Үндістан азаматының туғанына небәрі 3 жас, 7 ай және 20 күн болған.
one.uz
Сарвагья Сингх Кушваха есімді үш жастағы үнді баласы әлемдік рекорд орнатты. Ол ФИДЕ ресми рейтингіне ие болған ең жас шахматшы атанды. Шахмат әлемі мұндай жастағы рейтинг иегерін бұрын-соңды көрмеген.
2022 жылы дүниеге келген дарынды бүлдіршіннің жеке парақшасы ФИДЕ базасында жарияланып та үлгерді. Оның алғашқы ресми рейтингі — 1572 ұпай. Бұл көрсеткіш көптеген ересек әуесқой шахматшылардан да жоғары.
Бұрынғы рекорд кімге тиесілі еді?
Бұрынғы рекорд үндістандық Аниш Саркарға тиесілі еді. Ол ресми рейтингті 3 жас 8 айында алған болатын. Ал Сарвагья бұл межені шамамен бір айға ертерек еңсерді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама