Ауыр атлетикадан Астанада өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта елдің басты жұлдызы тағы да қарсылас шақ келтірмеді.
Астанадағы «Алатау» спорт сарайында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта елдің ең мықты зілтеміршісі анықталды.
Бұл салмақта алтын медальды Алматы облысының намысын қорғайтын Ксения Прозорова ешкімге қалдырған жоқ. Ол «жұлқып көтеруде» – 90 кг, «серпе көтеруде» – 110 кг көтеріп, екі сайыс қорытындысы бойынша 200 кг зілтемірді еңсерді.
Осы көрсеткішпен жас спортшы барлық қарсыласынан айқын басым түсіп, 63 келідегі абсолютті көшбасшы екенін тағы бір дәлелдеді.
63 келідегі медальдар мынадай ретпен бөлінді:
Чемпиондық атақ үшін күресте Прозороваға қарсы тұрған басты үміткерлер соңғы салмақта да оны қуып жете алмады. Осылайша,Ксения ел чемпионатында үшінші рет қатарынан жеңіске жетіп, «best of the best» атағын ешкімге бермеді.
Ең қызығы – үш дүркін Қазақстан чемпионы атанып үлгерген Ксения Прозорова әлі күнге дейін өз туған жері – Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылында тұрады. Дәл сол ауылда жаттығып, үлкен жеңістерге дайындалады.