Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Біржан Оразов дубль жасап, «Қайратты» ЧЛ ширек финалына шығарды

Сарапшы, спорт журналисі
05.12.2025, 22:38

Алматылық «Кайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қарымта матч өткізіп, сенсацияны болдырмады. 

Instagram/@afckairat
Реклама
Реклама

Бірінші матч: Бельгиядағы ірі жеңіс

Алғашқы ойын Бельгияда «Спортинг-Андерлехтке» қарсы өтті. Сол кездесуде Қазақстан чемпионы өз алаңынан тыс ойнағанына қарамастан қарсыласын сенімді түрде ұтып, 7:3 есебімен басым түсті.

Бұл нәтиже алматылықтарға қарымта матчына айтарлықтай гандикаппен шығуға мүмкіндік берген еді.

Капитан командасын алға сүйреді

Кездесу тең басталғанымен алғашқы тоғыз минутта-ақ голдар легі басталды.

7-минутта есепті Жахангир Рашит ашты. «Қайрат» ойыншысы бұрыштан жасалған комбинацияны нәтижелі аяқтап, таблодағы есепті өзгертті. 15-минутта бельгиялық команда ойынға қайта оралып, Эду таразы басын теңестірді. Ал 18-минутта «Спортинг-Андерлехт» пенальти мүмкіндігін мүлт жібермей, Грелло арқылы алға шықты.

Осылайша бірінші тайм қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Ал жалпы есепте «Кайрат» әлі де алда тұрғанымен матч сценарийі күтпегендей шиеленісіп кетті.

Екінші тайм: Оразовтың дублі және «Қайраттың» жауап қайтаруы

Екінші кезеңде алаңға нағыз капитандық мінез шықты.

23-минутта команда капитаны Біржан Оразов жеке шеберлігін көрсетіп, есепті теңестірді. 10 минуттан кейін Қазақстан футзалының жұлдызы екінші голын соғып, «Кайратты» қайта алға шығарды.

Капитанның дублі ойынның шешуші сәтін түбегейлі өзгертіп, қарсыласқа психологиялық соққы болды.

Соңғы минуттардағы үш гол

Кездесу соңғы минуттарда нағыз футзал спектакліне айналды.

37-минутта қарсыластың қақпашысыз қалған сәтін Жоао Пауло тиімді пайдаланып, алматылықтардың төртінші голын соқты. Матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда қонақтар пенальтиден Стивен Диллин арқылы есепті қысқартты. Алайда нүктені «Қайрат» қойды. Атирсон тағы бір гол соғып, ойынның қорытынды есебін белгіледі.

Нәтижесінде жауап матч 5:3 есебімен аяқталды. Екі кездесу қорытындысы бойынша алматылық клуб жалпы есепте айқын басымдықпен келесі кезеңге өтті.

«Қайраттың» жолы әрі қарай: ширек финалда кім қарсылас болады?

Ширек финалда «Қайраттың» қарсыласы «Луксол Сент-Эндрюс» / «Картахена» жұбының үздігі болады.

Алғашқы ойында испаниялық «Картахена» қарсыласын 9:1 есебімен ойсырата жеңді. Осыған қарағанда алматылық клубтың келесі қарсыласы үлкен мүмкіншілікпен испаниялыш ұжымы болмақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары