Реклама
Реклама

Софья Самоделкина Хорватияда жүлдеге ілікті

Сарапшы, спорт журналисі
06.12.2025, 20:40

Хорватия астанасы Загребте өткен беделді Golden Spin of Zagreb турнирінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлделі орынға ие болды. 

NUR.KZ

Загреб мұзы қазақстандық спортшы үшін сәтті болды

Бұл старт — халықаралық деңгейдегі маңызды турнирлердің бірі. Онда әлемнің түрлі елінен келген спортшылар жаңа бағдарламаларын сынап, рейтингтік ұпай жинайды.

Софья Самоделкина қысқа бағдарламадан кейін тек 7-орында тұрған. Алайда шешуші еркін бағдарламада өзін мүлде басқа қырынан көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Жалпы қос бағдарлама қорытындысында 182.63 ұпай жинап, қола медаль місе тұтты. 

Жарыс жеңімпаздары — АҚШ және Финляндия

Golden Spin of Zagreb турнирінде бәсеке өте жоғары болды. Барлығы 30 мәнерлеп сырғанаушы мұзға шықты.

Жүлдегерлер қатарында:

  1. Брэйди Теннелл (АҚШ) – 194.97 ұпай, алтын медаль
  2. Иида Кархунен (Финляндия) – 187.05 ұпай, күміс медаль
  3. Софья Самоделкина (Қазақстан) – 182.63 ұпай, қола медаль

Қатысушылар саны мен деңгейін ескерсек, Самоделкинаның үздік үштікке енуі Қазақстан мәнерлеп сырғанауында маңызды жетістік.

Реклама
Реклама