Ұлттық құрама ӘЧ жартылай финалына шықты (ВИДЕО)
07.12.2025, 16:31
Украинаға қарсы өткен матч өте тартысты өтті.
KazFootball.kz
Қазақстан құрамасы тағы бір тарихи жетістікке жетті. Socca бойынша әлем чемпионатында ұлттық команда Украинадан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Буллит сериясында қазақстандықтар қарсылас командаға қарағанда дәлірек болды.
Енді Қазақстан келесі кезеңде Болгарияны жеңген Мексика құрамасымен кездеседі. Бұған дейін біздің құрама Румынияны да буллиттер сериясында ұтқан еді — 2:1 (негізгі уақыт: 1:1).
Socca деген не?
Socca — мини-футболға ұқсас, бірақ ережесі мен алаңы өзгеше командалық спорт түрі:
- Командада 6 ойыншы (5 ойыншы + қақпашы);
- Алаң — мини-футболдан кеңірек;
- Матч ұзақтығы — 25 минуттан 2 тайм.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама