Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Сәбина Алтынбекованың клубы тағы да бас бапкер ауыстырды

Сарапшы, спорт журналисі
17.12.2025, 19:01

Волейболдан әйелдер арасында Ұлттық лигада өнер көрсететін «Астана» ВК кезекті рет бас бапкерін ауыстырды. Команда қыркүйек айынан бері тізгінді ұстаған Светлана Котовамен келісімшартын тоқтатқан.

instagram/@vc_astana
Реклама
Реклама

Котованың орнына команданың жаңа бапкері ретінде Украинадан келген Евгений Николаев тағайындалатыны айтылды.

Еске салайық, бұл маусымды «Астана» Мейірбек Нұғұспановтың жетекшілігімен бастаған. Ол бір мезетте клуб директоры әрі бас бапкер қызметін қатар атқарды. Алайда Қазақстан кубогының алдын ала кезеңіндегі сәтсіздіктен кейін Нұғұспанов бапкерлік міндеттен кетіп, команда тізгінін Светлана Котоваға тапсырған еді.

Енді Ұлттық лига 2025/2026 маусымының тұрақты чемпионатындағы екі айналымнан соң «Астана» қайтадан бас бапкерін ауыстырды. Қазіргі жағдай бойынша елордалық ұжым ұпайсыз қалып, турнир кестесінің соңғы орнында келеді.

Айта кетейік, осы маусымда «Астана» құрамында қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова ойнап жүр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары