Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол апаты бойынша тергеудің мән-жайы айтылды

Сарапшы, спорт журналисі
17.12.2025, 17:50

ІІМ вице-министрі Санжар Әділов UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істің тергелу барысы туралы пікір білдірді.

baq.kz
Реклама
Реклама

Вице-министрдің айтуынша, іс материалдары өңірлік полиция департаментінде қаралып жатыр және тергеу аяқталу сатысына жақындаған.

«Қылмыстық істі өңір полиция департаменті тергеп жатыр, қазіргі таңда аяқталу кезеңінде. Дәл осы аптада соңғы сот сараптамасының қорытындысын күтіп отырмыз. Одан кейін күдікті тұлғаның әрекеттерін саралап, материалдарды прокуратура арқылы сотқа жолдаймыз», — деді Санжар Әділов.

Қайғылы оқиға қашан және қай жерде болды?

Өліммен аяқталған жол апаты 2025 жылғы 27 шілдеде Алматы — Екатеринбург тасжолында болған. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Toyota Land Cruiser 200 көлігін жүргізіп, Қарағанды облысынан Алматыға қарай бағыт алған кезде рульге ие бола алмай, көлік өздігінен аударылған.

Апат салдарынан екі адам қаза тапқан. Ал Гулайым Рахмонова мен оның ұлы медициналық көмек алу үшін Шу қаласына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Берілген ақпаратқа сәйкес, Гүлайым Рахмонова бұл іс бойынша күдікті емес, куә ретінде көрсетілген.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары