Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Ливерпуль» жанкүйерлерін көлікпен жаншып өткен ер адам 21 жылдан аса түрмеге қамалды

Сарапшы, спорт журналисі

Ливерпульдегі чемпиондық парад кезінде жанкүйерлер тобына көлікпен кіріп кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты. 54 жастағы Пол Дойл сот шешімімен 21 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

«Ливерпуль» жанкүйерлерін көлікпен жаншып өткен ер адам 21 жылдан аса түрмеге қамалды
rg.ru

Үкімнің мән-жайы

Сотта Дойл 31 айып тармағы бойынша кінәсін мойындаған. Айыптардың қатарында қауіпті көлік жүргізу, ауыр дене жарақатын қасақана келтіру және төбелеске қатысу сияқты баптар бар екені айтылды. 

Судья Эндрю Менэри айыпталушының әрекетін «түсініксіз ашу-ызаға» балап, оның қоғамдық ортада қорқыныш пен дүрбелең тудырғанын атап өтті. 

Қайғылы жағдай 2025 жылғы 26 мамырда (кешкі уақыт) Англия Премьер-лигасындағы «Ливерпульдің» чемпиондық мерекесі кезінде Ливерпуль қаласының орталығында болған. Полиция күдіктіні сол күні-ақ ұстаған. 

Зардап шеккендер туралы дерек

Халықаралық БАҚ мәліметінше, оқиға кезінде 130-дан астам адам жарақат алған, олардың арасында 6 айлық сәби де бар. 

Бұған дейін алғашқы хабарламаларда 47 адамның жарақаттанғаны, 20-сының ауруханаға жеткізілгені айтылған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір