Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан атынан Чемпиондар лигасында кім өнер көрсетеді?

Сарапшы, спорт журналисі
22.12.2025, 13:59

Аталған бәсекеде ойнау құқығы 2025 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпазына беріледі.

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан волейбол федерациясы әйелдер клубтары арасындағы Орталық Азия Чемпиондар лигасында қатысу тәртібін ресми түрде бекітті. 

Бұл шешім жарыстың өткізілу уақытының өзгеруіне және өтінім қабылдау мерзімінің қысқа болуына байланысты қабылданды. Клубтардан халықаралық турнирге қатысуға өтінімдер 2025 жылдың желтоқсан айының соңына дейін қабылданады.

Қазақстан атынан кім қатысады?

ҚВФ-ның ресми хатына сәйкес, Қазақстан атынан Чемпиондар лигасында өнер көрсету құқығы 2025 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпазына беріледі.

Егер Кубок иегері жарысқа қатысудан бас тартса, бұл құқық Кубоктың жүлдегер клубтарына орын алған реті бойынша өтеді.

Халықаралық турнирге қатысу үшін клубтардың қаржылық кепілдіктерді растауы міндетті талап ретінде белгіленді.

Айта кетейік:

  • 2025 жылы ерлер арасындағы Орталық Азия Лигасы чемпиондарын «Жайық» волейбол клубы жеңіп алды;

  • әйелдер арасындағы Азия Лигасы чемпиондарының жеңімпазы — «Жетісу» волейбол клубы.

Естеріңізге сала кетейін, әйелдер арасындағы волейболдан Қазақстан Кубогының финалдық кезеңі бүгін, 22 желтоқсанда басталды. Турнирге 8 команда қатысып, олар екі топқа бөлінген. Ал финалдық матч 28 желтоқсанда өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары