Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Ол үшін қайтып келмеймін» — Жансая Әбдумәлік Бибісара Асаубаевамен бәсекелестік туралы

Сарапшы, спорт журналисі
22.12.2025, 17:49

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдумәлік ұлттық құраманың бірінші нөмірі саналатын Бибісара Асаубаевамен арадағы қарсыластық жайлы пікір білдірді. Спортшы бұл тақырыпқа әлеуметтік желідегі оқырман сұрағына жауап беру кезінде тоқталған.

azattyq-ruhy.kz
Реклама
Реклама

2024 жылдан бергі үзіліс

Жансая 2024 жылы үзіліс алып, содан бері ірі турнирлерде тұрақты түрде өнер көрсетпеген. Соған қарамастан жанкүйерлер оның шахматқа қайта оралуы және Бибісарамен бәсекелестігі туралы жиі сұрайды.

Оқырмандардың бірі спортшыдан:

— «Егер шахматқа қайтып келсеңіз, Бибісараны қуып жете аласыз ба?» — деп сұраған.

Жансая бұл сауалға қысқа әрі нүктелі жауап қайтарды:

«Қайтып келсем, ондай ұсақ нәрсе үшін емес», — деді Әбдумәлік.

Екі шахматшының статусы

Айта кетейік, Әбдумәлік пен Асаубаева — қазақстандық шахматтың әр кезеңіндегі ең жарқын лидерлері. Екеуі де түрлі жас санаттарында әлем чемпионаты деңгейінде жүлдеге қол жеткізген.

2023 жылы олардың арасында Үндістандағы турнирге қатысты жағдайдан кейін сөз таласы өрбігені де белгілі. Кейіннен қыздар Азия ойындарында ұлттық құрама сапында бірге ойнап, әлеуметтік желіде жарияланған видео көпшілік тарапынан келіспеушілік аяқталды деген белгі ретінде қабылданды.

Қазір қайда және немен айналысып жүр?

Қазір Жансая отбасылық өмірге басымдық беріп, бала тәрбиесімен айналысып жүр. Ал Бибісара кәсіби мансабын жалғастырып, Үндістанда өтіп жатқан Global Chess League жарысында American Gambits командасы құрамында бақ сынап, жүлде қоры 1 миллион доллар болатын турнирде өнер көрсетіп жатыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары