10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті

Сарапшы, спорт журналисі
09.01.2026, 19:13

Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясында кадрлық өзгерістер болды. 

sportnews.kz

Рыпакова неге қызметін өзгертті?

Федерация таратқан ақпаратқа сәйкес, Ольга Рыпакованың жаңа қызметке ауысуына халықаралық бағыттағы жұмыстың көлемі әсер еткен. Атап айтқанда, ол Халықаралық жеңіл атлетика федерациясымен байланыс, шетелдік мамандармен әріптестік және өзге де халықаралық міндеттерге көбірек көңіл бөлмек.

Осыған байланысты Рыпакова федерация президенті лауазымынан құрметті президент қызметіне өтті.

Еске салсақ, Ольга Рыпакова бұған дейін бір жылға жуық уақыт Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметін атқарды.

Жаңа президент кім?

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті болып "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов тағайындалды.

Федерация дерегінше, жеңіл атлетика елдегі ең кең таралған спорт түрлерінің бірі саналады. Қазір Қазақстанда бұл спортпен 360 мыңнан астам адам жүйелі түрде шұғылданады.

Реклама
Реклама