Реклама
Реклама

Милан-2026: биатлоннан ел намысын кімдер қорғайды?

Сарапшы, спорт журналисі
21.01.2026, 11:37

Қазақстанның биатлоншылар одағы (ҚБО) бапкерлер штабымен бірлесіп 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ресми түрде бекітті.

Владислав Киреев. Фото: Olympic.kz

Олимпиада-2026 биатлон жарысында Қазақстан атынан қысқы Азия ойындарының чемпионы Владислав Киреев, қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері Асет Дүйсенов, сондай-ақ Милана Генева мен Айша Рақышева өнер көрсетеді.

"Құралған құрам – ұлттық құраманың тарихындағы ең жас тізімдердің бірі. Спортшылардың орташа жасы 24–25 шамасында. Қатысушылардың басым бөлігі дебютант болғанына қарамастан, команданың әлеуеті жоғары: жалпы есепте 17 лицензияға ие", — деп түсіндірді таңдауын ҚБО өкілдері.

Қазіргі таңда ұлттық құрама Чехияда орналасқан және Әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысып жатыр. Бұл жарыстар бекітілген кестеге сай соңғы дайындық кезеңінің қорытынды бөлігі саналады. Кезең аяқталғаннан кейін команда Италияға аттанады.

Бұған дейін Қазақстанның Олимпиада-2026 ойындарына биатлоннан 4 спортшы (2 ер, 2 әйел) жолдама алғаны хабарланған еді.

Реклама
Реклама