Реклама
Реклама

Қазақстандық шорт-тректен ӘЧ қола жүлдегері атанды

Сарапшы, спорт журналисі
02.02.2026, 12:39

Ұлттық құрама өкілі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көріне алды.

ҰОК

Қазақстан құрамасы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен әлем чемпионатында тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҰОК.

Бұл жолы ел қоржынына медальды Богдан Вехов салды. Ол 1000 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетіп, 1:24.177 уақытпен мәреге жетіп, қола жүлдені иеленді.

Аталған қашықтықта чемпион атағын Оңтүстік Корея спортшысы Пак Соджун (1:23.802) жеңіп алса, екінші орынды Қытай өкілі Юйхэн Ли (1:23.903) алды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның қыздар құрамасы эстафеталық сайыста қола жүлдеге ие болған еді.

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама