Қазақстандық файтер қарсыласын тоғыз секундта талдырды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Соның арқасында Қожахмет Иманғали кәсіпқой мансабындағы мінсіз көрсеткішін сақтап қалды

Қазақстандық файтер қарсыласын тоғыз секундта талдырды (ВИДЕО)
Sportnews.kz

Осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық ММА жауынгері Қожахмет Иманғали Ташкентте өткен Octagon 84 турнирінде кезекті жарқын жеңісіне қол жеткізді. 

Жартылай жеңіл салмақта өткен айқаста Қожахмет Иманғали қырғызстандық файтер Бакытбек Дүйшобай уулуна қарсы октагонға шықты. Жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ.

Бірінші раундта-ақ Иманғали қарсыласын иек тұсынан дәл тиген тізе соққысымен ауыр нокаутқа жіберді. Соққының қаттылығы сонша, Дүйшобай уулу октагон төсенішінде қалып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. 

Рекорд сақталды

Бұл жеңістің арқасында Қожахмет Иманғали кәсіпқой мансабындағы мінсіз көрсеткішін сақтап қалды — 9 жекпе-жек, 9 жеңіс.

Ал Бакытбек Дүйшобай уулу үшін бұл мансабындағы тоғызыншы жеңіліс болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір