"Тұран" Чемпиондар лигасында кіммен ойнайды? Қарсылас белгілі

Сарапшы, спорт журналисі

Түркістандық "Тұран" ел намысын Чемпиондар лигасында қорғамақ. Ойындар 4-10 ақпан аралығында өтеді.

"Тұран" Чемпиондар лигасында кіммен ойнайды? Қарсылас белгілі
Сурет: ашық дереккөзден

Түркістандық "Тұран" әйелдер командасы Қазақстан атынан Чемпиондар Лигасында өнер көрсетеді.

Орталық Азия әйелдер Чемпиондар Лигасының алғашқы маусымы 4–10 ақпан күндері Мальдив астанасы Мале қаласында өтеді.

Фавориттердің бірі саналатын "Тұран" «А» тобына түсіп, турнир қожайындары "Вамко" және Шри-Ланканың "Хирдарамани" командаларымен бақ сынайды.

Ал «В» тобында ирандық "Фулад", Өзбекстанның "Хумосы", непалдық "Непал Полис" және жергілікті "Хураа Комьюнити" клубтары ойнайды.

Турнир регламенті

Турнир регламентіне сай, әр топтан алғашқы екі команда плей-оффқа жолдама алып, сәуір айының соңында Оңтүстік Кореяның Гоян қаласында өтетін AVC Чемпиондар Лигасындағы жалғыз орын үшін таласады.

"Тұранның" топтық кезеңдегі матчтары:

• 4 ақпан – "Хирдарамани";

• 6 ақпан – "Вамко".

Айта кетейік, түркістандық клуб желтоқсан айының соңында Қазақстан Кубогын жеңіп, Чемпиондар Лигасына жолдама иеленген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір