Спортшыларымыз үздік отыздыққа да іліне алмады. Барлығы 50-орыннан төмен нәтиже көрсетіп, жарысты ерте аяқтады.
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы шаңғы спринтінің (классикалық әдіс) іріктеу кезеңі басталды. Қазақстан құрамасының спортшылары бұл кезеңде сәтсіз өнер көрсетті.
Іріктеу жарысына Қазақстан атынан төрт шаңғышы қатысты:
Жарыс ережесіне сәйкес, ширек финалға шығу үшін үздік 30 спортшының қатарына ену қажет. Алайда іріктеу нәтижесі бойынша қазақстандық спортшылардың ешқайсысы бұл межені еңсере алмады. Барлығы 50-орыннан төмен нәтиже көрсетіп, жарысты ерте аяқтады.
Әйелдер арасындағы шаңғы спринтінің ширек финалдық кезеңдері бүгін Қазақстан уақытымен 15:45-те өтеді. Сонымен қатар осы күні ерлер арасындағы спринт бәсекесі де жоспарланған.
Айта кетейік, бүгін конькимен жүгіруден Абзал Әжіғалиев, ал мәнерлеп сырғанаудан Михил Шайдоров сынға түседі. Жарыс уақытын және қайдан көруге болатынын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.