Ақ олимпиаданың төртінші жарыс күніндегі қазақстандық спортшылардың өнері тікелей эфирде көрсетіледі.
10 ақпанда Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бес спорт түрі бойынша бақ сынайды.
13:15 — әйелдер арасындағы спринттің іріктеу кезеңі. Қазақстан атынан Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Анна Мельник және Ксения Шалыгина бақ сынайды. Бұрымдыларымыздың өнерін “Qazsport” тікелей эфирде көрсетеді.
Жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда:
13:55 — ерлер арасындағы спринт іріктеуі (тікелей эфир — “Qazsport”)
14:30 — әйелдер арасында 500 м. Бұл спорт түрінен ел намысын Яна Хан мен Ольга Тихонова қорғайды.
15:10 — ерлер арасында 1000 м. Ал ерлер арасында Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев медальға таласады.
15:59 — аралас командалық эстафета (1/4 финал)
Құрама құрамы:
Команда сәтті өнер көрсеткен жағдайда:
15:15 — ерлер арасындағы іріктеу. Бұл спорт түрінен Қазақстанның жалғыз өкілі Павел Колмаков бақ сынайды. Оның өнерін “Хабар” арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
18:15 — әйелдер арасындағы іріктеу. Ал бұрымдылардан атақты Юлия Галышева, Анастасия Городко мен Аяулым Әміренова жарыс жолына шығады. Тікелей эфир — “Qazsport”.
17:30 — ерлер арасында 20 км жекелей жарыс. Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов сынға түседі. Тікелей эфир — Олимпиаданың ресми сайтында болады.
22:30 — ерлер арасындағы қысқа бағдарлама. Михаил Шайдоров мұз айдынына шығады. Тікелей эфир — “Qazsport”.
Айта кетейік, Олимпиада-2026 Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатыр. Қазақстан атынан 36 спортшы қатысуда. Жалпы ойындарға 95 елден 2871 спортшы жиналған. Олимпиада аясында 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыстар 22 ақпанға дейін жалғасады.