13 ақпан күні Олимпиада ойындарында жеті медаль жиынтығы сарапқа салынады.
13 ақпан күні Олимпиада ойындарында жеті медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстандық жанкүйерлер үмітті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа артады.
Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров әзірге бесінші орында. Төртінші сатыдағы италиялық спортшы Даниэль Грассльден небәрі бір ұпайға қалып отыр. Ал жүлделі үштікке дейінгі айырмашылық сәл көп. Десе де, бәрі еркін бағдарламада шешіледі.
Сонымен қатар қазақстандық биатлоншылар спринт жарысында бақ сынайды. Егер олар үздік 60 спортшының қатарына енсе, келесі кезеңге жолдама алады. Ал бұл межеден аса алмаса, Олимпиададағы соңғы жарыстары осы болмақ.
13 ақпанда жарыс жолына шығатын спортшыларымыз:
15:45 – 10 км қашықтыққа еркін стильдегі жеке жарыс (ерлер)
18:00 – 10 км спринт (ерлер)
23:00 – Ерлер арасындағы еркін бағдарлама