Реклама
Реклама

Софья Самоделкина Олимпиаданың финалдық кезеңіне шықты

Сарапшы, спорт журналисі
18.02.2026, 11:32

Қазақстандық спортшы 24 үздік мәнерлеп сырғанаушы қатарына енді.

Софья Самоделкина. Фото: ҰОК

Милан қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама аяқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина төрешілерден 68,47 ұпай алды (мансабындағы ең үздік көрсеткіш) және 12-орынға тұрақтады. Бұл нәтиже оған үздік 24 спортшы қатарына еніп, еркін бағдарламаға жолдама алуға мүмкіндік берді.

Қысқа бағдарламада жапониялық Ами Накай 78,71 ұпай жинап, көш бастады. Екінші орынды тағы бір жапониялық спортшы Каори Сакамото иеленді — 77,23 ұпай. Үздік үштікті 76,59 ұпаймен америкалық Алиса Лью түйіндеді.

Әйелдер арасындағы жекелей сындағы еркін бағдарлама 19 ақпанда өтеді.

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама