Бүгін "Семей" клубы өз алаңында франциялық "Этуаль" командасын қабылдайды.
Бүгін, 6 наурыз күні футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында қарымта матч өтеді. "Семей" клубы өз алаңында франциялық "Этуаль" командасын қабылдайды.
"Семей" – "Этуаль" кездесуі Қазақстан уақыты бойынша 20:00-де басталады.
Матчтың тікелей трансляциясы "Qazsport" телеарнасынан көрсетіледі.
Командалар арасындағы алғашқы ойын Францияның Лаваль қаласында өтті. Тартысты кездесуде алаң иелері 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Матч барысында "Семей" командасы 4:1 есебімен алда тұрған, алайда ойын соңында қарсылас камбэк жасап, жеңісті жұлып алды.
Қазақстандық клуб сапында гол соққан ойыншылар:
Ал "Этуаль" сапында:
Сонымен қатар 37-минутта "Семей" сапындағы Кайо Торрес қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.