Реклама
Реклама

Төртжылдықтың басты додасы: Қашан және қайдан көруге болады?

Сарапшы, спорт журналисі
06.03.2026, 19:29

Бүгін Италия жерінде Ақ Паралимпиаданың ресми ашылу салтанаты өтеді. 

BAQ.KZ

Бүгін Италияда 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. Әлемдік дода 6–16 наурыз аралығында болады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ден астам спортшы қатысады.

Ашылу салтанатының трансляциясы

Паралимпиаданың ашылу рәсімі 6 наурыз күні өтеді.

  • Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы
  • Басталу уақыты: 23:50 (Қазақстан уақытымен)

Қазақстан атынан кім қатысады?

Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын жеті спортшы қорғайды. Олар пара биатлон және пара шаңғы жарыстары бойынша сынға түседі.

Қазақстан құрамасының мүшелері:

  • Ербол Хамитов
  • Александр Герлиц
  • Юрий Березин
  • Сергей Усольцев
  • Анна Грачева
  • Владислав Кобаль
  • Нұрлан Әлімов

Командадағы ең жас спортшы — 17 жастағы Владислав Кобаль, ал ең тәжірибелі қатысушы — 51 жастағы Сергей Усольцев.

Кімнен жүлде күтеміз?

Құраманың басты үміті - Ербол Хамитов. Ол пара биатлон және пара шаңғы жарыстарында әлем чемпионаттарының жүлдегері әрі әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы.

2024–2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Хамитов пара биатлоннан әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жетіп, Қазақстанға 31 жылдан кейін Хрусталь глобусты қайтарды.

Сонымен қатар Александр Герлиц 2022 жылғы Бейжіңдегі Қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан қола жүлде жеңіп алды.

79 медаль жиынтығы сарапқа салынады

XIV Қысқы Паралимпиада ойындарында спортшылар 79 медаль жиынтығы үшін таласады.

Реклама
Реклама