Реклама
Реклама

"Қола" үшін кешірім сұраған спортшымызға Қуат Хамитов үн қатты

Сарапшы, спорт журналисі
11.03.2026, 13:54

Естеріңізде болса, 10 наурыз күні өткен жарыста қазақстандық спортшы отырып жарысу форматындағы спринтте үшінші орынға ие болған еді. 

Offside.kz

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алған парашаңғышы Ербол Хамитовтың өнеріне қатысты пікір білдірді.

Естеріңізде болса, 10 наурыз күні өткен жарыста қазақстандық спортшы отырып жарысу форматындағы спринтте үшінші орынға ие болды. Отандасымыз 1500 метр классикалық спринт дисциплинасында 2 минут 29 секундта мәре сызығын кесіп өтті. Жалпы, бұл бәсекеде алтын медальді Қытай спортшысы Лю Цзысюй, ал "күмісті" бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера иеленді.

Жарыстан кейін парашаңғышы өз сұхбатында Қазақстан халқынан кешірім сұрап, алтын медаль жеңіп алып, ел әнұранын шырқата алмағанына өкініш білдірген еді. 

Қуат Хамитов спортшыны қолдады

Осы сөздерге қазақстандық танымал файтер Қуат Хамитов бірден әлеуметтік желіде реакция білдіріп, спортшыға қолдау көрсетті. 

"Сен чемпионсың, бауырым. Біз үшін сен чемпионсың!" – деп жазды.

Реклама
Реклама