Бұл жарыс тоғыз жылдық үзілістен алғаш рет өткізілгелі отыр.
15–21 наурыз күндері елімізде көкпардан әлем чемпионаты өтеді. Халықаралық додаға әлемнің әр түкпірінен 10-ға жуық ұлттық құрама қатысып, жүлделі орындар үшін сынға түседі. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Биылғы чемпионат елдің рухани астанасы – Түркістанда ұйымдастырылады. Бұл жарыс тоғыз жылдан кейін қайта өткізілгелі отыр.
Әлемдік деңгейдегі турнирдің жалпы жүлде қоры 30 миллион теңгені құрайды.
Чемпионатты ұйымдастыруға:
Дүниежүзілік көкпар қауымдастығының президенті Данияр Қобыландин бұл жарыстың халықаралық деңгейде маңызы зор екенін атап өтті.
"Дүниежүзілік Көкпар қауымдастығы әлем чемпионатының жоғары деңгейде өтуіне мүдделі. Себебі қазіргі уақытта көкпар спортына қызығушылық танытқан елдер саны артып келеді. Соңғы жылдары көкпардың ережесі қайта қаралып, барынша қауіпсіз әрі тартымды бола түсті. Соны негізге алған кейбір мемлекеттер бізбен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жатыр", – деді ол.
Сарапшылардың пікірінше, Түркістанда өтетін бұл чемпионат көкпардың халықаралық деңгейде танымал болуына және ұлттық спорттың дамуына үлкен серпін береді.