Бибісара Асаубаева тарихи әлем чемпионатының алғашқы қатысушысы атанды

Сарапшы, спорт журналисі
08.04.2026, 21:34

Қазақстандық шахматшы 2027 жылы өтетін әйелдер арасындағы FIDE Freestyle Chess World Championship турнирінің алғашқы қатысушысы болды.

baq.kz

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты алғаш рет өтеді

Ресми мәліметке сәйкес, 2027 жылғы фристайл-шахматтан әлем чемпионаты Германияның Вайсенхаус қаласында ұйымдастырылады.

Жоспар бойынша:

  • әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 2027 жылдың 5-7 ақпаны аралығында өтеді;
  • ерлер арасындағы әлем чемпионаты 2027 жылдың 12-14 ақпанына белгіленген.

Айта кететін жайт, бұл — әйелдерге арналған фристайл-шахматтан тұңғыш толыққанды әлем чемпионаты болмақ. Осыған дейін аталған турнирге тек ерлер қатысып келген.

Бибісара Асаубаева алғашқы жолдама иегері болды

FIDE мәліметінше, 2027 жылғы жарысқа қатысатын алғашқы шахматшылар да анықтала бастады. Әйелдер арасындағы тарихи әлем чемпионатына жолдама алған алғашқы спортшы ретінде Қазақстан өкілі Бибісара Асаубаеваның есімі аталды.

Бұл — қазақстандық шахмат үшін маңызды жетістік әрі Бибісараның халықаралық аренадағы беделін тағы бір мәрте айқындайтын оқиға.

Ерлер арасындағы турнирге кімдер іріктелді?

Биылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша ерлер арасындағы жарысқа алғашқы болып жолдама алған үш шахматшы да белгілі болды. Олар:

  • Магнус Карлсен
  • Фабиано Каруана
  • Нодирбек Абдусатторов

Freestyle Chess деген не?

Freestyle Chess немесе Фишер шахматы классикалық шахматтан өзіндік ерекшелігімен өзгешеленеді. Кәдімгі шахматта тақтадағы тастардың бастапқы орналасуы әрқашан бірдей болса, фристайл форматында бірінші және сегізінші көлденең қатардағы фигуралар әр партия алдында кездейсоқ орналастырылады.

Сондықтан ойыншылар:

  • алдын ала дайындалған дебюттік нұсқаларға толық сүйене алмайды;
  • компьютерлік талдауға құрылған алғашқы жүрістерді қолдануда шектеледі;
  • бірінші жүрістен бастап өз бетінше ойлауға мәжбүр болады.
Реклама
Реклама