Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирінде тарих жазды

Сарапшы, спорт журналисі
15.04.2026, 22:40

Қазақстандық шахматшы Кипрдің Пафос қаласында өткен Үміткерлер турнирінде соңғы партиясын өткізіп, тарихи нәтиже тіркеді.  

instagram/@fide_chess

Үміткерлер турнирін қалай аяқталды?

Асаубаева турнирдің шешуші турында үндістандық Дивья Дешмухпен кездесті. Қазақстандық шахматшы бұл партияда қара тастармен ойнап, қарсыласымен тең түсті.

Осы нәтижеден кейін Асаубаеваның еншісінде 8 ұпай болды және ол біраз уақытқа турнир кестесінің көш басына шықты. Бірақ қатар өткен тағы бір матчта оның басты бәсекелесі, үндістандық Рамешбабу Вайшали ресейлік Екатерина Лагнодан басым түсті. Соның арқасында Вайшали 8,5 ұпай жинап, турнир жеңімпазы атанды. Ал Бибісара Асаубаева жарысты екінші орынмен аяқтады.

Қазақстан шахматы үшін тарихи нәтиже

Бибісара Асаубаеваның Үміткерлер турниріндегі екінші орны — Қазақстан шахмат тарихындағы айрықша жетістік. Себебі бұл — отандасымыздың осы деңгейдегі турнирлердегі алғашқы жүлделі нәтижесі.

Осылайша қазақстандық шахматшы классикалық шахматтағы ең беделді додалардың бірінде ел тарихына енді.

Турнир барысында қандай нәтиже көрсетті?

Бибісара Асаубаева 2026 жылғы Үміткерлер турнирінде барлығы 14 партия өткізді. Соның ішінде:

  • 4 партияда жеңіске жетті;
  • 7 ойында тең түсті;
  • 2 кездесуде жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева бұған дейін блиц шахматтан үш мәрте әлем чемпионы атанған. Ол 2021, 2022 және 2025 жылдары әлемдік доданың алтынын жеңіп алған.

Ал классикалық шахматтағы Үміткерлер турниріне қазақстандық шахматшы алғаш рет қатысып отыр. Соған қарамастан бірден күміс жүлде еншілеп, өзінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Реклама
Реклама