Жансая Әбдумәлік не себепті депутаттыққа бет бұрғанын айтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:35

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдумәлік "Зamandas" подкастында саясатқа келу себебін түсіндіріп, алдағы жоспарларын бөлісті.

Шахматшының Instagram парақшасынан

Жансая Әбдумәлік небәрі 21 жасында “Нұр Отан” (қазір “Аманат”) партиясы атынан Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған болатын. Мұндай қадамға өзін жаңа бағытта байқап көру үшін барған. 

“Праймеризге баруды шештім. Өзімді неге депутат ретінде сынап көрмеске деп ойладым. Содан кейін осындай шешім қабылдадым.”

Бапкер болу мақсаты

Сұхбатта қазақстандық гроссмейстер шахматтағы мансабын қайта жалғастыруды жоспарламайтынын, алайда болашақта жаттықтырушы болуы мүмкін екенін айтты.

“Жаттықтырушы болуды ойладым. Мүмкін тіпті әйелдер командасының жаттықтырушысы және ұлттық құраманың капитаны болар едім. Бірақ, менің ойымша, біздің федерациямен бұл ойдың іске асуы екіталай.”

Айта кетейік, Жансая Қазақстанда әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер атағын алғашқылардың бірі болып алған. Қазір гроссмейстер өзінің шахмат академиясын дамытумен айналысады. 2023 жылы Нұрахмет Нұриевке тұрмысқа шыққан шахматшы былтыр ана атанды.

Реклама
Реклама