Асаубаева мен Синдаров әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Спорт шолушысы
19.06.2026, 19:53

Гонконгте ФИДЕ аясында ұйымдастырылған рапидтен командалық әлем чемпионаты мәреге жетті.

kursiv.kz

Кім жеңіске жетті?

Жарыс қорытындысы бойынша рапид бәсекесінде Қытайдың Dragon Chilling командасы топ жарды. Бұл ұжымның сапында әлем чемпионы, Қытай құрамасының көшбасшысы Дин Лижэнь ойнады. Команда турнирді 18 ұпаймен аяқтады.

Екінші орын да 18 ұпай жинаған Үндістанның Team MGD1 командасына бұйырды. Оның басты жұлдызы – әлемдік шахматтағы мықты гроссмейстерлердің бірі Арджун Эригайси.

Үздік үштікті дәл сондай 18 ұпаймен халықаралық Hexamind Chess Team клубы түйіндеді. Бұл команданың негізгі лидері франциялық Алиреза Фирузджа болды. Командалардың ұпай саны тең болғанымен орындар қосымша көрсеткіштер арқылы анықталды.

Бибісара Асаубаеваның командасы жүлдеге ілікпеді 

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева турнирде Kazchess клубының намысын қорғады. Команда жарысты сәтті бастап, алғашқы күннен кейін көшбасшылар қатарында жүрген. Бірақ қарқынын соңына дейін сақтап қала алмады. 12 раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық клуб 15 ұпай жинап, жүлделі орындардан тыс қалды.

Жавохир Синдаровтың командасы да үздіктер қатарына енбеді

Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Жавохир Синдаров бастаған Uzbekistan командасы да рапид бәсекесінде жоғары нәтиже көрсете алмады. Ұжым турнирді 10 ұпаймен аяқтап, турнир кестесінің алдыңғы қатарынан көрінбеді.

Рапидтен кейін шахматшыларды блиц жарысы күтіп тұр. Блиц бәсекесі 20-21 маусым аралығында өтеді.

Турнир сол Гонконгтегі Queen Elizabeth Stadium аренасында жалғасады. Сенбі күні командалар топтық кезеңде ойнаса, жексенбіде плей-офф кездесулері өтеді. Дәл осы шешуші кезеңде блицтен жаңа әлем чемпиондары анықталады.

Реклама
Реклама