Қазақстан құрамасы Азия кубогында қатарынан екінші рет камбэк жасады
Үндістанның Ахмадабад қаласында волейболдан AVC Cup 2026 турнирі жалғасып жатыр. Жарыстың топтық кезеңіндегі үшінші матчта Сергей Трикоз баптайтын Қазақстан құрамасы Қытайлық Тайбэймен кездесті.
Жігерлік танытты
Кездесу қазақстандық волейболшылар үшін оңай басталған жоқ. Ұлттық құрама алғашқы сетте қарсыласына жол берді. Дегенмен ойын барысын өзгерте білген жігіттеріміз келесі үш партияда басым түсіп, маңызды жеңіске жетті. (20:25, 26:24, 25:16, 25:23)
Бұл – Қазақстан құрамасының турнирдегі қатарынан екінші камбэгы. Бұған дейін ұлттық команда Австралияға қарсы ойында алғашқы екі сетте жеңіліп жатып, 3:2 есебімен жеңісті жұлып алған.
AVC Cup 2026 турниріндегі нәтижелер
Қазақстан алғашқы ойында жарыс қожайыны Үндістанға есе жіберді. Ол матчта үндістандық волейболшылар 3:0 есебімен жеңіске жеткен. (16:25, 21:25, 15:25)
Енді Қазақстан құрамасын топтық кезеңдегі тағы екі маңызды матч күтіп тұр. 25 маусымда ұлттық құрама Бахрейнмен кездеседі, ал 26 маусымда Жаңа Зеландияға қарсы ойнайды.
Параллель өтіп жатқан В тобында жартылай финал жолдамасына Катар, Оңтүстік Корея, Индонезия, Таиланд және Оман құрамалары таласып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Филиппинде өткен әйелдер арасындағы AVC кубогында Қазақстан құрамасы эксперименттік құраммен турнирді төртінші орынмен аяқтады.