Ватерполдан ұлттық құрама Азия чемпионатында күміс жүлде алды

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 16:50

Су добынан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі ерлер құрамасы Азия чемпионатының финалында Жапонияға есе жіберді.

Instagram/@qaz

Төрт доп айырмасымен есе жіберді 

Финалдық ойын тартысты өтіп, Жапония құрамасы 12:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан командасы Азия чемпионатында күміс медаль иеленді.

Қазақстандық су добы шеберлері турнир барысында жеті кездесу өткізіп, соның алтауында жеңіске жетті.

Топтық кезең мен плей-оффтағы нәтижелер:

  • Қазақстан – Гонконг – 23:3;
  • Қазақстан – Шри-Ланка – 32:2;
  • Қазақстан – Таиланд – 22:2;
  • Қазақстан – Жапония – 12:14;
  • Қазақстан – Иран – 11:5;
  • Қазақстан – Өзбекстан – 22:8;
  • Қазақстан – Сингапур – 15:9.

Қытай қола жүлде жеңіп алды

Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қытай құрамасы Сингапур командасынан басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

Реклама
Реклама