"Астана" велошабандозы Испаниядағы жарыста бәрін шаң қаптырып кетті

Спорт шолушысы
Бүгін, 21:40

"Астананың" уругвайлық велошабандозы Томас Сильва "Кастилия және Леон классикасы" біркүндік жарысының жеңімпазы атанды.

instagram/@xds_astana_team

Томас Сильва мәреге бірінші жетті

Томас Сильва жарыс жолын 4 сағат 23 минут 41 секундта жүріп өтіп, барлық қарсыласынан басым түсті.

Екінші орынға Movistar командасының испаниялық велошабандозы Роджер Адриа жайғасты. Ал жүлделі үшінші орынды "Астананың" италиялық өкілі Кристиан Скарони иеленді.

Осылайша жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық команданың бірден екі шабандозы үздік үштіктен көрінді

"Астана" шабандоздарының нәтижелері

Команданың тағы бір италиялық велошабандозы Диего Улисси жеңімпаздан сегіз секунд қалып, сегізінші орынға тұрақтады.

Ачстриялық Марко Шреттль Томас Сильвадан 4 минут 29 секунд кеш келіп, 47-нәтиже көрсетті. Давиде Тонеатти мәреге 52-ші болып жетті.

Симоне Занини жеңімпаздан 14 минут 53 секунд қалып, 79-орын алды. Ал "Астананың" тағы бір италиялық өкілі Людовико Меллано жарысты аяқтай алмады.

Реклама
Реклама