Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Бельгияны жеңді (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 13:37

Қазақстан құрамасы Еуролиганың А дивизионындағы үшінші матчында Бельгияны пенальти сериясында жеңді.

instagram/@beachsoccerworldwide

Қазақстан — Бельгия матчы қалай өтті?

Кездесу Кишинев қаласында Еуролига аясында ұйымдастырылды.

Алғашқы кезеңде командалар есеп аша алмады. Екінші кезеңде Бельгия құрамасы алға шыққанымен Қазақстан сапынан Арман Шотанов мергендік танытып, таразы басын теңестірді.

Шешуші үшінші кезеңде бельгиялықтар тағы екі рет есепте алға шықты. Бірақ Дмитрий Демешко қарсылас қақпасын екі мәрте дәл көздеп, финалдық сиренаға санаулы секундтар қалғанда есепті 3:3-ке жеткізді.

Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды

Негізгі уақыттан кейін жеңімпазды анықтау үшін пенальти сериясы өткізілді.

Қазақстан құрамасы сапында Деринг, Демешко және Ершин өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды. Ал Бельгия ойыншылары үш соққының екеуін голға айналдыра алмады.

Нәтижесінде ұлттық құрама пенальти сериясында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Реклама
Реклама