ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Велошабандоз Алексей Луценко Қазақстанға Азия ойындарының екінші алтынын сыйлады
olympic.kz

Велошабандоз Алексей Луценко Қазақстанға Азия ойындарының екінші алтынын сыйлады

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Жапонияда 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды.

Жекелей сында қарсылас шақ келтірмеді

34 жастағы Алексей Луценко тасжолдағы велоспорттан 32,1 шақырымдық жекелей жарыста ең үздік нәтиже көрсетті. Велошабандоз белгіленген қашықтықты 41 минут 24,05 секундта жүріп өтіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Жарыс қорытындысы:

1. Алексей Луценко (Қазақстан) — 41:24.05

2. Шунсукэ Имамура (Жапония) — 42:58.04

3. Сайнбаяр Жамбальямц (Моңғолия) — 42:58.06

Луценко күміс жүлдегерден бір минуттан астам уақыт бұрын мәреге жетті.

Бес дүркін Азия ойындарының чемпионы

Осы жеңістің арқасында Алексей Луценко Азия ойындарындағы бесінші алтын медалін иеленді. Ол бұған дейін 2014, 2018 және 2023 жылдары өткен құрлық додаларында чемпион атанған.

Жарыстың нәтижесін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі жариялады.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде үш жүлде бар:

  • Рината Сұлтанова — велоспорттан алтын медаль;
  • Алексей Луценко — велоспорттан алтын медаль;
  • Арлан Жаңабай — триатлоннан қола медаль.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатыр. Байрақты бәсеке 4 қазанға дейін жалғасады.

Жарнама
Жарнама