Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарында үздік үштікке енді
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ерлер арасындағы заманауи бессайыстан командалық жарыстың жүлдегерлері анықталды.
Жеке есепте Қазақстан құрамасының үздік нәтижесін Темірлан Абдраимов көрсетіп, жетінші орынға тұрақтады. Ал Тихон Варехин тоғызыншы, Лев Чувашов 13-орын, Кирилл Стадник 18-орынды иеленді.
Командалық есепте алтын медальді Қытай құрамасы жеңіп алса, Оңтүстік Корея екінші орынға ие болды. Қазақстан құрамасы үздіктер қатарын түйіндеп, үшінші орынға жайғасты.
Соңғы рет қазақстандық спортшылар бұл спорт түрінен 2010 жылғы Азия ойындарында жүлдеге ие болған. Осылайша, бессайысшыларымыздың қола жүлдесі ел құрамасының Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы медаль қорын толықтырды.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары Айти-Нагояда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.